АСТАНА, 29 қараша – Sputnik. Қазақстанның Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 15,25%-ға дейін көтерді.
Бұған дейін өзгеріс осы жылдың шілде айында болды. Ол кезде Ұлттық банк мөлшерлемені 14,5%-дан 14,25%-ға дейін төмендетті.
Бүгін Ұлттық реттеуші базалық мөлшерлеме бойынша биылға соңғы шешімді қабылдады. Келесі хабарландыруды 2025 жылдың 17 қаңтарында жасайды.