Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Трамптың жеңісі әлі сезілген жоқ – Орбан

Sputnik
АСТАНА, 29 қараша – Sputnik. Дональд Трамптың АҚШ-тағы президент сайлауындағы жеңісі Украинадағы қақтығыс жағдайында әлі сезілген жоқ, АҚШ пен Еуропарламент Киевке әскери көмек көлемін ұлғайту туралы хабарлауда, деп мәлімдеді Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан. Бұл туралы РИА Новости жазды.

"Қазіргі уақытта Дональд Трамптың америкалық сайлауда жеңіске жеткені украин қақтығысында әлі сезілмейді. Біз осы бір жарым ай шыдап бағу керек. Біз атысты тоқтату және бейбітшілік үшін үшін белсенді дипломатиялық жұмыс жүргізіп жатырмыз", - деді Орбан Kossuth радиосының эфирінде.

Венгрия премьер-министрі жуырда "сайлауда жеңілген АҚШ үкіметі Украинаға үлкен көлемде жаңа көмек жіберуге шешім қабылдағанын" және Еуропарламент Киевке әскери қолдауды жалғастыруды талап ететін "үрейлі" қарар қабылдағанын және бұл қақтығыс қарқыны ұлғаятынын білдіретінін атап айтты.
Еуропарламенттің сыртқы саясат мәселелері бойынша қарарлары кеңес сипатында болып табылады және Еуроодақ немесе ЕО-ға мүше мемлекеттердің институттары үшін орындауға міндетті емес. Ресейге қарсы кезекті құжаттың авторлары Еуропа комиссиясының басшысы Урсула фон дер Ляйеннің саясатын қолдайтын тараптар болды, оның ішінде қорғаныс және ғарыш істері жөніндегі Еуропа комиссары лауазымына бір күн бұрын бекітілген Андрюс Кубилюс бар.
Бұған дейін АҚШ-тағы президент сайлауында жеңіске жеткен Дональд Трамп Украинадағы қақтығысты келіссөздер арқылы реттеуге қол жеткіземін деп уәде берген болатын. Ол Украинадағы жанжалды бір күнде шеше алатынын бірнеше рет мәлімдеген. Ресей Федерациясы бұл қарапайым жолмен шешіле салатын оңай мәселе емес деп санайды.