АСТАНА, 29 қараша – Sputnik. Қазақстанда қытайлық компаниялардың қатысуымен жаңартылатын энергия көздері саласында 26 жоба жүзеге асырылып жатыр, олардың жиынтық қуаты – 1140,85 МВт. Бұл туралы Астанада Энергетика саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай кіші комитетінің 13-ші отырысында айтылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Энергетика министрлігінің мәліметінше отырыста "МАЭК" ЖШС алаңында қуаты 160 МВт бу-газ қондырғысын салу бойынша жобалар талқыланды.
Мұнай тасымалы саласында Атырау-Кеңқияқ және Кеңқияқ-Құмкөл учаскелерін қоса алғанда, Қазақстан-Қытай мұнай құбырын кеңейту жұмыстары жалғасады.
"Сонымен қатар газ саласындағы ынтымақтастық табысты дамуда. Қазақстан аймақтың энергетикалық қауіпсіздігін нығайта отырып, "Орталық Азия – Қытай" газ құбыры арқылы Қытайға табиғи газ экспорттауды жалғастыруда. Қазақстан Түркіменстан мен Өзбекстаннан ҚХР-ға газ транзитінде де маңызды рөл атқарады", - деп жазылған хабарламада.
Тараптар сондай-ақ атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, мүмкіндік ҚХР аумағы арқылы үшінші елдерге табиғи уран транзитін кеңейту перспективалары талқыланды.
Қазақстандық тарап Қытай тарапының "Қытай – Орталық Азия" энергетикалық ынтымақтастық форумын өткізу жөніндегі бастамасын құптады.