Путиннің Қазақстанға мемлекеттік сапарының қорытындысы – видеокөпір

Онлайн режимде сарапшылар Қазақстан мен Ресей басшыларының кездесуі барысында қол қойылған құжаттар мен келісімдерді талқылап жатыр
Sputnik
АСТАНА, 29 қараша – Sputnik. Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша Астана-Мәскеу бейнеконференциясы өтіп жатыр.
27-28 қарашада Владимир Путин Астанаға мемлекеттік сапармен келді. Кездесу нәтижесінде ондаған құжатқа қол қойылды, оның ішінде екі мемлекеттің стратегиялық серіктестігін тереңдету мәселелері бар.
Путиннің Қазақстанға мемлекеттік сапарын қорытындылайтын спикерлер:
Астанада:
Никита Шаталов – Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты;
Риззат Тасым – Қазақстан қоғамдық даму институтының әлеуметтік процестерді зерттеу орталығының жетекшісі.
Мәскеуде:
Артем Туров – Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының ТМД істері, еуразиялық интеграция және отандастармен байланыс жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары;
Алексей Мартынов – Қазіргі мемлекеттер институтының директоры, Ресей Федерациясы үкіметі жанындағы Қаржы университетінің доценті.
Алматыда:
Әкімжан Арупов – Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар институтының директоры.