Астанада құрылыс заттарын сатып алмақ болған тұрғындарды жас жігіт алдап кетті

Сондай-ақ ұсталған азамат қарызға ақша алу арқылы алаяқтық жасады деген күдікке ілінді
Sputnik
АСТАНА, 29 қараша – Sputnik. Астанада елорда тұрғындарын алдап кетті деген күдікпен 26 жастағы жігіт ұсталды, деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Күдіктіні Сарыарқа аудандық криминалдық полиция қызметкерлері анықтады. Ол жергілікті тұрғынды құрылыс материалдарын сатамын деп алдап, 200 мың теңгеден астам ақшасын алған. Жәбірленуші қаражатты қаскүнемнің банк шотына аударған.
Ғаламторда жалған хабарландыру жариялаған жас жігіт дәл осылай тағы 5 адамды алдаған. Олар да ақшасын төлеп, тауарды алмаған. Азаматтарға келтірілген жалпы шығын миллион теңгеден асқан.
Қылмысқа қатысы бар адам өз кінәсін мойындады. Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта оның осыған ұқсас ашылмаған қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Сондай-ақ ұсталған азамат қарызға ақша алу арқылы алаяқтық жасады деген күдікке ілінді.