АСТАНА, 28 қараша – Sputnik. Астанада ҰҚШҰ елдері басшыларының отырысы өтіп жатыр.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалық ететін іс-шараға Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан президенттері қатысуда.
Президенттер Еуразиядағы қауіпсіздіктің жаңа архитектурасын қалыптастыру міндетін талқылап, 14 құжатқа, соның ішінде қорытынды декларация мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған бірлескен мәлімдемеге қол қояды.