Тоқаев: 2024 жылы ҰҚШҰ алдында тұрған барлық міндет орындалды

Sputnik
АСТАНА, 28 қараша – Sputnik. Қазақстанның төрағалығы кезінде ҰҚШҰ алдында тұрған барлық міндет орындалды, деп мәлімдеді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шағын құрамдағы ҰҚШҰ отырысында.
"Бұл біздің мемлекеттеріміздің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау үшін күш-жігеріміз бен ресурстарымызды біріктіретін бірегей механизм. Қазақстан өз күш-жігерін қатысушы елдер арасындағы тығыз өзара іс-қимылды нығайтуға және дағдарыстық жағдайларға жедел ден қою тетіктерінің тиімділігін арттыруға бағыттады. Сондай-ақ терроризм, кибершабуыл, трансұлттық қылмыс және заңсыз есірткі айналымын қоса алғанда, қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге қарсы күресте біздің ұйымның мүмкіндіктерін дамытуға көңіл бөлді", - деді Тоқаев.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада ҰҚШҰ мемлекеттерінің басшылары бас қосты.
ҰҚШҰ елдері басшыларының отырысы – тікелей трансляция