Ресей мен Қазақстан Жеңіс күні аясындағы іс-шаралар туралы келісті

Sputnik
АСТАНА, 28 қараша – Sputnik. Ресей мен Қазақстан Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларды өткізуге келісті, деп хабарлады РИА Новости.
Кремль сайтында Ресей президенті Владимир Путин мен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа жаһандық тәртіптегі стратегиялық серіктестікті тереңдету туралы бірлескен мәлімдемесі жарияланды.
"Тараптар 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шараларды өткізу туралы келісті. Өскелең ұрпаққа ата-бабалардың майдан даласы мен тылдағы ерен ерлігін жеткізудің маңыздылығы айтылды", - делінген хабарламада.