Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресей Киевтің ядролық қаруға ие болуына жол бермейді - Путин

Sputnik
АСТАНА, 28 қараша – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Астанадағы ҰҚШҰ отырысынан кейін БАҚ-қа арналған баспасөз мәслихатында Ресей Киевтің ядролық қаруға ие болуына жол бермейді деп мәлімдеді. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
"Қалай ойлайсыздар, бұл ақылғы қонымды ма? Егер біз қазір соғысып жатқан ел ядролық державаға айналса, не істеуіміз керек? Бұл жағдайда біз қолда бар барлық қару мен мүмкіндікті қолданамыз. Мен мұны баса айтқым келеді: Ресейдің басқаруындағы барлық жою құралын қолданамыз. Біз бұған жол бермейміз. Біз олардың әрбір қадамын бақылайтын боламыз", - деді Путин журналистерге Ресейдің Киевке ядролық қаруды беру мүмкіндігіне қатысты пікірін сұрағанда.
Ол Киевке ядролық қаруды қайтаруды ұсынып жатқандар мемлекет пен әлемнің алдындағы жауапкершілікті сезінбейтіндер деп айтты.
"Мұндай мәлімдемелерді тек ештеңеге жауап бермейтін және өз елінің және жалпы әлемнің тағдыры үшін өз мойнындағы ешқандай жауапкершілікті сезінбейтін адамдар ғана жасай алады", - деді Путин журналистерге.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Ресей қару-жарақ өндірісін арттырады - Путин