АСТАНА, 28 қараша – Sputnik. "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ және "Ресей темір жолдары" ААҚ Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары шеңберінде стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Тараптар тоғыз мемлекетаралық түйісу пунктінің өткізу қабілетін арттыру жөніндегі жұмысты үйлестіруге ниетті.
"Шекара маңы станцияларының теміржол инфрақұрылымын жаңғырту, бірыңғай цифрлық кеңістікті қалыптастыру үшін тасымалдарды цифрландыру және трансшекаралық операцияларды дамыту жоспарлануда", - деп жазылған ҚТЖ хабарламасында.
Іс-шараларды іске асыру трансеуразиялық дәліздердің тиімділігін арттырады, оның ішінде Шығыс–Батыс бағытында және "Солтүстік-Оңтүстік" халықаралық көлік дәлізінде экспорттық және транзиттік тасымалдар көлемін ұлғайтады.