Бүгін Астанада ҰҚШҰ елдері басшыларының саммиті өтеді

Тараптар бірқатар маңызды құжатқа қол қояды
Sputnik
АСТАНА, 28 қараша – Sputnik. Бүгін Астанада ҰҚШҰ елдері басшыларының саммиті өтеді.
Тоқаевтың төрағалығымен өтетін іс-шараға Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан президенттері қатысады.
Кеше кешке және түнде Беларусь президенті Александр Лукашенко мен Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Астанаға ұшып келді.
Президенттер Еуразиядағы тең және бөлінбейтін қауіпсіздіктің жаңа архитектурасын қалыптастыру міндетін талқылап, 14 құжатқа, соның ішінде қорытынды декларация мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған бірлескен мәлімдемеге қол қояды.
Бұған дейін ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов сұхбатында тәжік-ауған шекарасына қатысты өте маңызды құжат қабылданады деп жоспарланып отырғанын айтқан болатын.