Астанада ҰҚШҰ қауіпсіздік кеңесі хатшылары комитетінің отырысы басталды

Sputnik
АСТАНА, 28 қараша – Sputnik. Астанада сыртқы істер министрлері кеңесі, қорғаныс министрлері кеңесінің және ҰҚШҰ қауіпсіздік кеңесі хатшылары комитетінің бірлескен отырысы басталды.
Ол мемлекет басшыларының қатысуымен өтетін ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысы алдында өтеді.
Астанада сыртқы істер министрлері кеңесі, қорғаныс министрлері кеңесінің және ҰҚШҰ қауіпсіздік кеңесі хатшылары комитетінің бірлескен отырысы
Еске сала кетейік, бүгін Астанада ҰҚШҰ елдері басшыларының саммиті өтеді. Тоқаевтың төрағалығымен өтетін іс-шараға Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан президенттері қатысады.
Кеше кешке және түнде Беларусь президенті Александр Лукашенко мен Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Астанаға ұшып келді.
Президенттер Еуразиядағы тең және бөлінбейтін қауіпсіздіктің жаңа архитектурасын қалыптастыру міндетін талқылап, 14 құжатқа, соның ішінде қорытынды декларация мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған бірлескен мәлімдемеге қол қояды.
Бүгін Астанада ҰҚШҰ елдері басшыларының саммиті өтеді