АСТАНА, 28 қараша – Sputnik. АҚШ Украина қарулы күштеріндегі жауынгерлер тапшылығына байланысты Украинаны елдегі әскерге шақыру жасын 25-тен 18 жасқа дейін төмендетуге шақырды, деп хабарлады Reuters агенттігі Ақ үйдегі дереккөзге сілтеме жасап.
"Украина шенеуніктері әскерге шақыру жасын 18 жасқа дейін төмендетуді қарастыруы керек. Украинада шақырылып және даярланып жатқан жаңа сарбаздар жеткіліксіз", - деп жазды басылым.
Сәуірде Владимир Зеленский Украинада әскерге мобилизациялау жасын 27-ден 25 жасқа дейін қысқарту туралы заңға қол қойды. Тамыз айында Жоғарғы Рада мобилизациялау жасын қысқартуды жоспарлап отырған жоқ деп сендірді.
Қыркүйек айында Жоғарғы Раданың депутаты Алексей Гончаренко* Украина Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы өз директивасы бойынша бұрын "жарамдылығы шектеулі" мәртебесі бар 25 жасқа толмаған азаматтарды мобилизациялауға тыйым салғанын мәлімдеді. Ал Владимир Путин бұған дейін АҚШ Украина басшылығын мобилизациялау жасын 18 жасқа дейін төмендетуге мәжбүр ететінін айтқан.
*Ресейдің террористер мен экстремистер тізіміне енгізілген.