Тоқаев: Қазақстан Ресейдің стратегиялық серіктесі болып қала береді

Sputnik
АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. Қазақстан Ресейдің стратегиялық серіктесі болып қала береді. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Бұл стратегиялық серіктестік пен одақтастыққа берік негізделген мемлекетаралық қарым-қатынасымыздағы өте маңызды оқиға екені сөзсіз. Сіздің қазақстандық ақпарат құралдарында жарияланған бүгінгі мақалаңызды мұқият оқып шықтым. Ал менің мақалам Ресей баспасөзінде жарияланды. Біз болашаққа бағытталған екіжақты ынтымақтастықты дамыту жөніндегі көшелі ойларымызды жан-жақты жеткіздік. Өз мақаламда Қазақстан осындай күрделі кезеңде Ресейдің сенімді стратегиялық серіктесі әрі одақтасы екенін және алдағы уақытта да бұл бағыттан айнымайтынын атап өттім", - деді Тоқаев.
Еске сала кетейік, Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Оны мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елорда әуежайынан қарсы алды.
Путиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары - тікелей трансляция