Тасмағамбетов ҰҚШҰ саммитіне шығарылатын құжаттың бірін ерекше атап өтті

Sputnik
АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов Астанадағы сессияда қаралатын құжаттар туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
28 қарашада Астана қаласында ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы өтеді. Оған ұйымға мүше барлық ел қатысады. ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовтың айтуынша, ең алдымен ұжымдық қауіпсіздік аймақтарында және олардың шекараларында әскери-саяси жағдай талқыға салынады.
"Біздің елдеріміздің көшбасшылары бірлескен жұмыстың нәтижесіне өз бағасын беріп, алдағы ынтымақтастықтың бағыт-бағдарын белгілейді. Ал ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің қарауына шығарылатын құжаттардың ішінен тәжік-ауған шекарасын күшейту бойынша ҰҚШҰ мемлекетаралық бағдарламасының жобасын ерекше атап өтер едім", - деді Тасмағамбетов ТАСС агенттігіне берген сұхбатында.
ШЫҰ мен ҰҚШҰ-ға қатысу Қазақстан үшін тиімді - министр