Ресейде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филиалы ашылды

Sputnik
АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. Қазақстан мен Ресей президенттері Ақордадан онлайн режимде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Омбы мемлекеттік университетіндегі филиалын ашты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін Астанаға мемлекеттік сапармен Ресей президенті Владимир Путин келді. Ақордада оны Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты қарсы алды.
Ал келіссөздерден кейін екі елдің басшысы онлайн режимде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Омбы мемлекеттік университетіндегі филиалын ашты.
Ресейдің ғылым және жоғары білім министрінің орынбасары Константин Могилевскийдің айтуынша, ҚазҰУ-дың филиалы Ресейдегі шетелдік жоғары оқу орнының алғашқы филиалы болады.
"Ректорлардың белсенді жұмысы мен губернатордың қолдауы арқасында филиал толығымен жабдықталды. Бізде Омбыда Қазақстанның жетекші жоғары орны филиалының ашылғанына қуаныштымыз", - деді Могилевский.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда дәрігер даярлайтын Ресей университеттері ашылатыны хабарланған болатын.
Қазақстанда дәрігер даярлайтын Ресей университеттері ашылады