АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. Ресей ATACMS зымырандарымен жасалған соққылардан кейін ҰҚШҰ-дан көмек сұраған жоқ. Бұл туралы ұйымның бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов мәлімдеді.
Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісімшартқа сәйкес, барлық көмек, соның ішінде әскери көмек те ұйымға мүше елдің сұрауы бойынша ұсынылады.
"Өзіңіз де жақсы білесіздер, келісімшарттың бұл нормасын іс жүзінде қолданған. Осы уақытқа дейін Ресей тарапынан ондай сұрау түскен жоқ", - деді ТАСС агенттігіне берген сұхбатында.
Оның айтуынша, ҰҚШҰ қазіргі заманғы барлық қару-жарақты дамыту, сынақтан өткізу мен қолдану тәжірибесін зерделеп отырады. Соның ішінде ресейлік "Орешник" кешені де бар.
Тасмағамбетов ҰҚШҰ-дың Батыспен арадағы қарым-қатынасына да тоқталды.
"Американың болашақ әкімшілігі нақты қандай ұстанымға басымдық беретінін әлі көре жатармыз. ҰҚШҰ өз бастамасымен байланыстарды тоқтатқан жоқ", - деп атап өтті Тасмағамбетов.
Айта кетері, 18 қарашада БҰҰ Бас Ассамблеясы БҰҰ мен ҰҚШҰ арасындағы ынтымақтастық туралы резолюцияны қабылдаған болатын. Бірақ НАТО елдерінің өкілдері бұл бастаманы қолдаған жоқ. Соған қарамастан құжат қабылданды. Тасмағамбетовтың толық сұхбатын мына жерден оқуға болады.