Қазақстан тарихта алғаш рет Ресейдің ірі сауда серіктестерінің бестігіне енді

Бүгінде Ресей Қазақстанның басты сауда әріптесі және жетекші инвесторлардың үштігіне кіреді
Sputnik
АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. Қазақстан тарихта алғаш рет Ресейдің ірі сауда серіктестерінің бестігіне енді. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Ресей президенті Владимир Путинмен бірге жасаған мәлімдемесінде айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінде Ресей Қазақстанның басты сауда әріптесі және жетекші инвесторлардың үштігіне кіреді.
"Қазақстан өз кезегінде екі жақты қарым-қатынастардың тарихында алғаш рет Ресейдің ірі сауда әріптестерінің бестігіне енді. Осының өзі біздің ынтымақтастығымыздың мықты әрі жоғары әлеуетін көрсетіп отыр", - деді Тоқаев.
Президенттің айтуынша, былтыр ресейлік компаниялар Қазақстан экономикасына 3 млрд доллар салды. Қазақстан да көрші елге тура сондай ақша құйды.
Ал екі жақты тауар айналымы 30 млрд долларға жақындады.

“Осы оң динамиканы сақтап қалсақ, алдағы екі жылда өзара сауданың межесін 30 млрд доллардан асыра аламыз”,-деп түйіндеді мемлекет басшысы.
"20 мың жұмыс орны ашылады": Қазақстан мен Ресей 49 жобаны бірлесіп жүзеге асырмақ