Тоқаев пен Путиннің келіссөздері кезінде сауда-экономика, көлік-логистика, отын-энергетика, ғылым және техника салаларындағы ынтымақтастыққа қатысты ауқымды мәселелер талқыланады.
Сонымен қатар, екі президент халықаралық ұйымдар мен интеграциялық құрылымдар аясындағы өзара ықпалдастық барысы пысықталып, қазір ушығып тұрған әлемдегі ахуалға қатысты пікір алмасады деп көзделген.
Тоқаев пен Путин келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне мәлімдеме жасайды деп күтілуде.
28 қараша Ресей басшысы Астанада ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысады.