Мысырда қайтыс болған туристердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ

Sputnik
АСТАНА, 27 қараша - Sputnik. Қызыл теңізде 31 туристімен суға батып кеткен яхтада қазақстандықтар болған жоқ.
Қазақстан сыртқы істер министрлігі Sputnik Қазақстан агенттігіне қайтыс болған 14 адамның арасында Қазақстан азаматтары жоқ екенін ресми растады.
Яхта Қызыл теңізде дүйсенбі күні таңертең "дома акул" аймағында батып кетті. Алдын ала мәліметтер бойынша, қайғылы оқиға яхтаны алып теңіз толқыны соққандықтан болған.
"Қаза тапқандардың төртеуінің денесі табылды, 31-ші жолаушы құтқарылды. Қалғандарын іздеу жалғасуда, бірақ оларды тірі табу мүмкіндігі аз, өйткені бұл аймақта акулалар көп", - деді Қызыл теңіз провинциясының губернаторы Амр Ханафи.
Мысырлық БАҚ-тың хабарлауынша, батып кеткен яхтаның бортында 13 елдің - Египет, Германия, Испания, Бельгия, Қытай, АҚШ, Словакия, Швейцария, Ұлыбритания, Польша, Норвегия, Ирландия және Финляндия азаматтары болған.