Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ұлыбритания Украинаға өз әскерін жібермейді – сыртқы істер министрі

Sputnik
АСТАНА, 26 қараша – Sputnik. Ұлыбританияның Украинадағы соғыс қимылдарына қатысуға өз әскери қызметкерлерін жібермейді, деп мәлімдеді елдің сыртқы істер министрі Дэвид Лэмми.
"Біз Ла-Манштың арғы бетінде ондаған мың украин сарбазын даярладық және мұны жалғастырамыз. Бірақ біз британ сарбаздарды Украинаға жібермейміз. Бұл мәселеде біздің ұстанымымыз әрқашан айқын болды", - деді ол италиялық Repubblica газетіне берген сұхбатында.
Франция мен Ұлыбритания Батыс әскерлерін Украинаға жіберу мүмкіндігін талқылауды қайта бастады, деп хабарлады БАҚ. Басылымдағы ақпараттар АҚШ билігіне Дональд Трамптың оралуына байланысты Украинаға қолдау көрсету бойынша коалицияға Париж бен Лондон жетекшілік ету мүмкіндігін жоққа шығармайды.
"Қайталап айтамын, ешқандай британ әскері бармайды. Бірақ біз украиндарға әскери және оқу-жаттығу деңгейінде қолдау көрсетуді жалғастырамыз", - деді Лэмми Украинаға жеке жалдамалы жауынгерлерді жіберу туралы сұраққа жауап беріп.
2024 жылдың ақпанында Франция президенті Украинаға әскер жіберу мүмкіндігін жоққа шығармайтынын және ол жерге әскери нұсқаушыларды жіберуге дайын елдердің коалициясын құру қажеттілігін мәлімдеді. Алайда бұл бастаманы Францияның НАТО-дағы одақтастары салқын қабылдады.
Ресей Украинаға қару-жарақ жеткізу қақтығысты реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады және оларды "отпен ойнап жатыр" деп санайды. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қару-жарақ тиелген кез келген жүк Ресей үшін заңды нысанаға айналатынын мәлімдеді.