АСТАНА, 26 қараша – Sputnik. Уфада “Ресей мен Қазақстандағы жастар кәсіпкерлігі: тәжірибе алмасу және серіктестік келешегі” атты жас көшбасшылар форумы өтті.
Іс-шараға екі елдің студенттері мен кәсіпкерлері жиналды. Форумның панельдік сессиясында Башқұртстан басшысы Радий Хабиров сөз сөйледі.
Башқұртстан мен Қазақстанды көп ғасырлық салт-дәстүрлер, мәдениет және тіл байланыстырады, деді республика басшысы.
“Бұл біздің елдеріміздің лидерлері – Владимир Путин мен Қасым-Жомарт Тоқаев белсенді түрде қолдайтын бауырлас ынтымақтастығымыздың негізі. Олардың бір-біріне деген сыйластық қарым-қатынасы серіктестіктің дамуына сенімді негіз құрайды. Бүгінде башқұрт пен қазақ бизнесін біріктіретін жаңа бірлескен жобаларды қалыптастыру сатысында тұрмыз. Жастар халықтарымыз арасындағы достық және іскерлік байланыстарды нығайта отырып, осы процестің қозғаушы күшіне айналатынына сенімдімін”, - деді Хабиров.
Форумға қатысқан Қазақстанның сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев халықаралық форумды өткізу орны ретінде Уфаның таңдалуы қазақ және башқұрт халықтарының ежелден келе жатқан ынтымақтастық дәстүрлерімен және аймақтың даму деңгейімен түсіндірілетінін айтты.
Жастар шарасы Қазақстан мен Ресей арасындағы ХХ өңіраралықаралық ынтымақтастық форумы аясында өтті. Оған әр өңірден 3700-ден астам адам қатысты.