Фото

Қирандылар арасындағы өнер: Газа суретшісінің үмітке толы картиналары - фото

Палестиналық суретші Мейса Юсуф Израиль шабуылдарынан қирап қалған шеберханасында сурет салуды жалғастыруда. Оның жұмыстарын біздің суреттер топтамасынан көріңіздер.
Sputnik
Палестиналық суретші Мейса Юсуф 1984 жылы Газада дүниеге келген. Израильдің Газа секторына жасаған шабуылдарының салдарынан ол үйінен де, сурет салатын студиясынан да айырылды.
Мейса Юсуфтың туындылары бұған дейін әлемнің көптеген елінде көрмеге қойылған. Айналасында болып жатқан жағдайға қарамастан, ол шеберханасының қирандылары арасында сурет салуды жалғастыруда. Осылайша, өнерпаз палестиналықтардың өз құқықтары үшін күресіне әлемдік қауымдастықтың назарын аударуды көздейді.
1 / 6

Мейса Юсуф ұзақ жылдар бойы медицина және денсаулық сақтау саласында еңбек еткен. Ол медбике мамандығы бойынша оқуын аяқтаған. Бірақ оның сурет салуға деген құмарлығы бала кезінен пайда болды және ол ешқашан шығармашылықты тоқтатпаған.

2 / 6

Кейін Юсуф Әл-Ақса университетінің бейнелеу өнері факультетіне оқуға түскен. Қазір ол кескіндемемен қатар, фотосурет саласының маманы.

3 / 6

Майса өнерге деген сүйіспеншілігі елінде болып жатқан қайғылы жағдайлар мен оқиғалардан да күшті Газадан шыққан көрнекті суретші болып саналады.

4 / 6

Мейса Юсуф қоршаудан шығып кете алмады, бірақ оның картиналары бүкіл араб және батыс әлеміне таралуда.

5 / 6

Палестиналық суретшінің жұмыстары араб елдерінде: Мысырда, Иорданияда, Кувейтте, сондай-ақ АҚШ пен Ұлыбританияда қойылған.

6 / 6

Суретшінің мақсаты – палестиналықтардың өз құқықтары үшін күресіне әлем жұртшылығының назарын аудару.