Қазақстан мен Ресейдің 90-нан астам бірлескен жобасы сәтті жүзеге асырылды

Бүгінгі таңда екіжақты бастамалардың жиынтық портфелі 52 млрд доллардан асады және 168 жобаны қамтиды
Sputnik
АСТАНА, 26 қараша – Sputnik. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр РФ Өнеркәсіп және сауда министрі Антон Алихановпен кездесу өткізді, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Кездесуде тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін және өнеркәсіптік кооперация жобаларын іске асыру барысын қарастырды.
"Бүгінгі таңда екіжақты бастамалардың жиынтық портфелі 52 млрд доллардан асады және 168 жобаны қамтиды. Олардың 90-нан астамы қазіргі таңда сәтті іске асырылды, қалғаны іске асырылу сатысында", - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ кездесу барысында өнеркәсіпті дамыту және алдағы өзара тиімді ынтымақтастық саласындағы бірқатар мәселе талқыланды.
Тоқаев пен Путин Астанада жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізеді