Мәскеуде ТМД-ның қауіпсіздік және барлау қызметі басшыларының кеңесі басталды

Sputnik
АСТАНА, 26 қараша – Sputnik. Мәскеу қаласында ТМД-ға мүше елдерінің барлау мен қауіпсіздік қызметтері басшыларының кеңесі басталды.
Бас барлаушылардың отырысы осымен 20-шы рет ұйымдастырылып отыр. Ресейдің сыртқы барлау қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, қаласында ТМД-ға мүше елдерінің барлау мен қауіпсіздік қызметтері бірлескен жұмыстың нәтижесін қарастырып, алдағы міндеттер мен жоспарларды талқылайды.
Кеңеске Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан мен Өзбекстан делегациялары қатысады.
Қазақстан мен Әзірбайжан әскери барлау туралы келісім жасасады