Есірткі саудасын ұйымдастырған шенеуніктер өмір бойына бас бостандығынан айырылады

Үкімет Қазақстан парламенті депутаттарының түзетуімен келісті
Sputnik
АСТАНА, 26 қараша – Sputnik. Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов өзінің Telegram каналында екінші рет ұсынылғанда ғана үкімет түзетулерге оң қорытынды бергенін жазды.
“Есірткі бизнесіне қатысы бар шенеуніктерді өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін жазаны күшейтуді көздейтін біздің түзетуімізге үкімет екінші әрекеттен кейін ғана оң қорытынды берді”, - деп жазды Асхат Аймағамбетов.
Депутат бұл түзету құқық қорғау органдары – Қазақстанның Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігінің жан-жақты қолдауымен қабылданғанын хабарлады.
“Жұмыс тобының депутаттары бұл түзетуді қолдады. Бұл азаматтарымызға төніп тұрған ең қорқынышты қатерлердің біріне қарсы күресте маңызды қадам”, – дейді Аймағамбетов.
Депутат түсіндіргендей, түзету ресурстар мен құпия ақпаратқа қол жеткізе отырып, есірткі бизнесіне қатысу үшін өз қызметін пайдаланатын азаматтарға қарсы бағытталған.
Қазақстанда алғаш рет ұсталған есірткі курьерлерінің жазасы жеңілдеуі мүмкін