АСТАНА, 26 қараша – Sputnik. Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссия мен Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының (ДЖДҰ) аймақтық кеңсесі Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің ветеринария органдарына құс тұмауының алдын алу және жоғары патогенді құс тұмауына қарсы күрес мәселелері бойынша семинар өткізді, деп хабарлады ЕЭК баспасөз қызметі.
Жоғары патогенді құс тұмауы қоздырғышының әкелінуі және таралуы құс шаруашылығының дамуына аса қүлкен ауіп төндіреді, өйткені ол аурудан құстың қырылу деңгейі 100%-ға жақындайды. Бұл айтарлықтай экономикалық залал әкеледі.
"Жоғары патогенді құс тұмауының әлемнің көптеген елінде тіркелуі және кең аумақтарды қамтуы, сонымен қатар үй құстарымен қатар жабайы құстар арасында да таралуы бұл мәселені өзекті етіп отыр", - деді ЕЭК техникалық реттеу министрі Валентин Татарицкий.
Семинарға қатысушылар құс тұмауының, оның ішінде жоғары патогенділігіне қатысты әлемдегі қазіргі эпизоотиялық жағдаймен, оның таралу қарқынымен, қарсы күрестің заманауи әдістерімен танысты.
Кәсіпорындар мен шаруа қожалықтарының биоқауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігіне, сондай-ақ вакцинация мәселелеріне ерекше назар аударылды.