АСТАНА, 26 қараша – Sputnik. Астанада кейбір жолдарда көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты Мемлекеттік күзет қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
"Елорда көшелерінің жекелеген учаскелерінде 2024 жылғы 28 қараша күні шет мемлекеттердің басшыларының қатысуымен ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі отырысының өтуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен, полиция департаментінің мәліметінше, 28 қараша күні сағат 06:00-ден 20:00-ге дейін мына көшелерде қозғалыс толықтай шектеледі:
Нәжімеденов көшесі (Тәуелсіздік даңғылынан Қ.Аманжолов көшесіне дейін);
Аманжолов көшесі (Ж.Нәжімеденов көшесінен А.Байтұрсынұлы көшесіне дейін).
Осыған байланысты мына маршруттардың қозғалыс сызбалары уақытша өзгереді: №14, 32, 43, 50, 66, 84. Қоғамдық көлік штаттық режимде жұмыс істейді. Жұмыс кестесі – сағат 06:00-ден 23:30-ға дейін.