АСТАНА, 26 қараша – Sputnik. Астанада 27-28 қараша күндері жоғары оқу орындарының жұмыс форматы өзгереді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ғылым және жоғары білім министрлігі ұсынған ақпаратқа сәйкес, астаналық студенттердің оқу кестесі мынадай болады:
4 жоғары оқу орны – қашықтықтан;
2 жоғары оқу орны – ішінара қашықтықтан;
2 жоғары оқу орны – каникул (1 триместр);
5 жоғары оқу орны – дәстүрлі (офлайн) форматта.
"Оқу форматына қатысты шешімді жоғары оқу орындары академиялық саясатына сәйкес дербес қабылдайды", - дейді министрліктің қоғаммен байланыс департаментінің директоры Олжас Беркінбаев.
Айта кетері, 27 қарашада Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Ал 28 қарашада Астанада ҰҚШҰ саммиті өтеді. Оған мүше барлық ел қатысады.