Алаяқтар ресейліктерге Қазақстан азаматтығын алып беруге уәде еткен

Sputnik
Алаяқтар ресейліктерге азаматтық алу үшін құжаттарды жинау және өңдеу қызметтерін ұсынған, деп хабарлайды ішкі істер министрлігі.
"Интернетте ішкі істер органдарында бірқатар көші-қон қызметтерін алу, оның ішінде азаматтыққа қабылдау, құжаттарды жинау және ресімдеу қызметтерін көрсететін компаниялардың жарнамалары жариялануда", - делінген хабарламада.
Айта кету керек, бұл фирмалар азаматтықты да, жеке басын куәландыратын құжаттарды да бермейді. Осыған байланысты ІІМ осы саладағы интернет арқылы алаяқтықтың ықтимал жағдайлары туралы ескертеді.
Қазақстан азаматтығын алу үшін өтініш білдірушілер ішкі істер органдарына жеке өзі жүгінуге тиіс. Бұл ретте құжаттартарды сенімхат бойынша немесе үшінші тұлғалар арқылы беруге тыйым салынады.
Қос азаматтық үшін жаза күшейтіледі – министрлік