АСТАНА, 26 қараша – Sputnik. Абай облысында прокурорлар есірткі және психотроптық заттарды сату үшін пайдаланылған 64 сайт пен Telegram каналын бұғаттады.
Облыс прокуратурасының үйлестіруімен полиция қызметкерлері, әкімдік және волонтерлер арасынан мобильді топтар құрылып, наркограффитиді анықтау және бояу жұмыстарын жалғастыруда.
"Бүгінгі таңда 400-ден астам наркограффити боялып, есірткі, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау бойынша ҚК 299-1-бабымен 6 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды", - деп хабарлады облыстық прокуратура.
Абай облысының прокуратурасы тыйым салынған заттардың жарнамасын анықтаған жағдайда 102 арнасына хабарласу керектігін еске салды.