Тоқаев пен Путин Астанада жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізеді

Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Ресейдің ХХ Өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнеконференция режимінде қатысады
Sputnik
АСТАНА, 25 қараша – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 27 қараша күні елімізге Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлады Ақорда.
Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіледі. Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Ресейдің ХХ Өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнеконференция режимінде қатысады.
28 қараша күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясы өтеді.
Жиында аймақтық және халықаралық қауіпсіздіктің негізгі мәселелері талқыланады. Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылады.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Тоқаев Ресей-Украина қақтығысын шешу мәселесіне тоқталды