АСТАНА, 25 қараша – Sputnik. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жаңа мұнай өңдеу зауыты туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі болжамға сәйкес, 2036 жылы Қазақстанда жанар-жағамайдың тапшылығы болуы мүмкін. Осыған байланысты қазірден бастап жаңа мұнай өңдеу зауытын жобалауды бастау қажет.
“Бірақ 2030 жылдан кешіктірмей және 2032 жылы құрылысын салу қажет. Одан кейін 2030 – 2036 жылдары дизель отынына қажеттілік жылына қосымша 2 млн.тоннаға артады, бұл 2050 жылға дейін жыл сайын 0,3-0,35 млн. тоннаға өсетін 0,2 млн. тонна тапшылығына алып келеді”,- деді Сәтқалиев мәжілістегі үкімет сағатында.
Министрдің айтуынша, жаңа мұнай өңдеу зауытының құрылысы 2040 жылдан 2050 жылға дейін елдің жанар-жағармай қажеттілігін жабады және мұнай өнімдерін Орталық, Оңтүстік және Оңтүстік-Батыс Азияға экспорттауға мүмкіндік береді.