АСТАНА, 25 қараша – Sputnik. Еуропа астаналарында Украинаға әскери қызметкерлер жіберу идеясы айтылды, бірақ ол жерде ортақ мәміле жоқ, деп мәлімдеді Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.
"Бұған дейін мұндай идеялар әртүрлі астаналарда айтылды, бірақ бұл идеяға қарсы пікірлер де бар. Сондықтан еуропалықтардың бұл мәселеге қатысты ортақ пікірі жоқ, дегенмен қызу пікірталас болып жатыр", - деді Песков.
Ол журналистердің Дональд Трамп Киевті қолдаудан бас тартқан жағдайда Украинаға әскер немесе жекеменшік әскери компаниялардың жауынгерлері жіберіледі деген пікірге қатысты осылай жауап берді.
Сонымен қатар Ресей президентінің баспасөз хатшысы бұл хабарламалардың қаншалықты шындыққа сәйкес келетіні, шын мәнінде не туралы айтылып жатқаны белгісіз екенін мәлімдеді.