Абай облысында жарылған мектеп қазандығының орнына жаңасы орнатылды

Sputnik
АСТАНА, 25 қараша – Sputnik. Үржар ауылындағы жарылған мектеп қазандығының орнына жаңасы орнатылды.
Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектептің автономды қазандығы жарылған соң ең әуелі аумақты қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілген.

"Сол кезде қосалқы қазандық іске қосылып, мектептегі оқу процесі үзілген жоқ. Бұл жылу температурасын жедел қалпына келтіруге мүмкіндік берді. 23 қарашада таңертең жаңа қазандық жеткізіліп, орнатылды. Сонымен қатар апат салдарынан зақымдалған қазандық ғимаратының шатыры қалпына келтірілді", - деп хабарлады Абай облысы әкімдігінен.

Қазіргі уақытта негізгі қазандық жұмыс істеп тұр. Ал қосалқы қазандық резервке ауыстырылған.
Еске салсақ, Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектептің бөлек орналасқан қазандығында жарылыс болып, от жағушы күйік алды.
Елде 58 мектеп лицензиясыз жұмыс істеп келген