Жамбыл облысында 5 адам құтқарылды

Өрттен қою түтін пайда болып, үй тұрғындарына көміртегі тотығымен улану қаупін тудырған
Sputnik
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Жамбыл облысында құтқарушылар бір отбасыны өрттен құтқарды, деп хабарлады ТЖМ.
Өрт таңертең Байзақ ауданы Бурыл ауылындағы 2 қабатты 2 пәтерлі тұрғын үйден шыққан.
10 шаршы метр алаңға шарпыған қызыл жалыннан қою түтін пайда болып, үй тұрғындарына көміртегі тотығымен улану қаупін тудырған.
"Өрт сөндірушілер барлау кезінде кейуана мен 4 баланы тауып, оларды терезе арқылы сыртқа шығарды", - деп жазылған хабарламада.
Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.