Серік Сәпиев мемлекеттік қызметке оралды

Ол Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып тағайындалды
Sputnik
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.
Астанада туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов өңірлік спорт басқармаларының басшысын тағайындау жөніндегі комиссияның отырысын өткізді.
Өңірлік спорт басқармаларының басшысы тағайындалды
Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылығына бокстан Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиевтің, ал Павлодар облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылығына Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Азамат Имашевтың кандидатурасы ұсынылып, комиссия мүшелері келісімін берді.
Айта кетері, кандидаттарды жергілікті атқарушы орган ұсынады. Алайда Туризм және спорт министрлігі жанынан құрылған комиссияның оң қорытындысын алған кандидаттар ғана тағайындалады.