АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Көкшетау қаласындағы №6 мектеп-лицейінде барлық дәретханада бейнекамералар орнатылды. Бұл бастамаға қарсылық білдіріп жатқандар бар. Бірақ кейбірі бейнебақылаудың болғанын қолдап жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан sinegor.kz-ға сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде жарияланған видеода дәретхананың бұрышында бейнекамераның орнатылғаны анық көрініп тұр. Бірақ кабинкалардың есігі жабылса, іші көрінбейді. Кейбір ата-аналар бұл бастаманы қолдап отыр.
"Өте дұрыс, қолдаймын. Ерікеннің ермегі емес, оқушылардың қауіпсіздігі үшін жасалып жатыр. Туалетте улкен балалар кіші балаларға тиісуі мүмкін!", - деп жазды ата-аналар.
Мектеп әкімшілігі бейнебақылаудың тек ұлдар баратын дәретханаларда орнатылғанын растады. Оны қауіпсіздік үшін жасап отыр. Себебі бұған дейін мүлікті қирату фактісі болды. Сондай-ақ, дәретханада жасөспірімдер екі рет төбелескен.
"Құрметті ата-аналар! Бұл ең алдымен балалардың қауіпсіздігі үшін жасалып жатқан жұмыс. Өздеріңіз білесіздер, барлық тәртіп бұзушылықтар әжетхана ішінде болады. Дүйсенбі күні, 25 қараша күні ата-аналар комитетінің төрағаларымен жиналыс өткіземіз. Сонда видео арқылы тек әжетхананың дәлізі ғана түсіп тұратыны көрсетіледі. Біз балалардың құқығы бұзылмағандығын көрсетіп, түсіндіреміз", - дейді мұғалімдер.