АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Тұрғындар елорда аспанында ұшқан алты жойғыш ұшақты тамашалады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұған дейін қорғаныс министрлігі 23-24 қараша күндері Қарулы күштердің авиациясы жоспарлы ұшуларды өткізетінін хабарлаған болатын.
Оқу-жаттығулар кезінде ұшақтар түрлі-түсті түтіндерді де қолданады. Оның ешқандай экологиялық зияны жоқ.
Оқу-жаттығулар кезінде ұшақтар түрлі-түсті түтіндерді де қолданады. Оның ешқандай экологиялық зияны жоқ.
Айта кетері, биыл жазда Қытай басшысының Астанаға жасаған сапары кезінде алты жойғыш ұшақ түрлі-түсті түтінмен ҚХР туын салып шыққан болатын.
Ал 27 қарашада Астанаға Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин келеді деген жоспар бар.