Қазақстанда бес жылда 17 мыңнан астам әйел сотталған

Адвокат Жанна Оразбақова бес жылға жуық уақыттың ішінде сотталған әйелдердің саны туралы жазды
Sputnik
АСТАНА, 23 қараша – Sputnik. Қазақстанда бес жылға жуық уақыттың ішінде 17 мыңнан астам әйел сотталған.
Құқық қорғаушы әлеуметтік желідегі парақшасында бас прокуратурадан алған ресми жауапты жариялады. Оған сәйкес, Қазақстанда бес жылға жуық уақыттың ішінде 17 000-нан астам әйел сотталған.
"Бұл қорқатындай өте көп", - деп жазды Оразбақова.
Құқықтық статистика ұсынған мәлімет бойынша 2019 жылдан бері биылғы 9 айды қоса есептегенде күшіне енген сот үкімдері бойынша 17 111 әйел сотталды.
Қазақстанда төрт жылда 17 мыңнан астам әйел сотталған
Соның ішінде 4 209 адам бас бостандығынан айырылса, 905 әйел шартты түрде сотталды.
Бұдан бөлек, 890 адамның жазасын өтеу мерзімі шегерілді. Ал 169 әйел рақымшылыққа ілініп, бостандыққа шықты