АСТАНА, 23 қараша – Sputnik. Биыл Қазақстанда 1400 шақырымға жуық темір жолды жөндеу жоспарланған. Қазіргі кезде 1352 шақырым жол жөнделіп бітті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан көлік министрлігіне сілтем жасап.
Министрлік жұмыстардың басым бөлігі аяқталған учаскелерді де атады. Олар:
• Ақтоғай-Семей-Алтай (153 шақырым);
• Шу-Қандыағаш (266 шақырым);
• Қандыағаш-Ақсарай (138 шақырым);
• Астана-Алматы (260 шақырым);
• Алматы-Павлодар (106 шақырым);
• Жаңа-Есіл-Көкшетау (161 шақырым).
"Жалпы, темір жолдардың 569 шақырымы күрделі жөндеумен, 181 шақырымы кешенді жөндеумен және 602 шақырым жоспарлы - алдын ала жөндеумен қамтылды. Елдің солтүстігінде маусым аяқталды, оңтүстік өңірлердің жұмысы әлі де жалғасып жатыр", - дейді министрлік мамандары.
2025 жылы тағы 1480 шақырым темір жолды жөндеу жоспарланып отыр.