Атыраулықтар жолда малды көлікпен қағып кетпеудің шешімін тапты

Sputnik
АСТАНА, 23 қараша – Sputnik. Атырау облысында қараңғы уақытта тас жолға шығып кететін малды көлікпен қағып кетуге қарсы жаңа әдісті қолға алды. Мал иелеріне жарыққа шағылысатын бау таратыла бастады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Полицейлер республикалық маңызы бар "Доссор – Құлсары" жолының бойында орналасқан Мақат ауданындағы мал шаруашылығы қожалықтарына арнайы барып, жарыққа шағылысатын бауларды таратып берді.
"300 жарық шағылысатын бау тағылды. Бұл баулар жолда түнгі уақытта көлік жүргізушілеріне малдардың барын алдын ала байқауға мүмкіндік береді", - дейді тәртіп сақшылары.
Осы шараның мақсаты — малдардың жолға шығуының алдын алу және жол-көлік оқиғаларының санын төмендету.
Оқиға
Ақмола облысында жүк пойызы бір үйір жылқыны қағып кетті