Астанада ұшақтар аспанға көтеріледі – қорғаныс министрлігі себебін түсіндірді

Sputnik
АСТАНА, 23 қараша – Sputnik. Қорғаныс министрлігі Астана аспанында ұшатын ұшақтарға қатысты түсініктеме таратты.
"2024 жылғы 23-24 қараша күндері Астана қаласынан Қазақстан Қарулы күштері авиациясының жоспарлы ұшулары өтеді. Аталған іс-шара арнайы түтінді пайдалану арқылы Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің оқу-жаттығу ұшулары шеңберінде өткізілмек. Авиацияның ұшуы қауіпсіз биіктікте өтетіндіктен, қала өмірінің әдеттегі қалпын бұзбайды", - делінген ресми хабарламада.
Жоспарлы шара ұшу қауіпсіздігі шараларына сай ұйымдастырылады. Сондықтан тұрғындарға ешқандай қауіп төнбейді. Ал ұшулар кезінде қолданылатын түрлі-түсті түтіндердің экологиялық зияны жоқ.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
"Орешник" зымыраны сынақтан сәтті өтті – Путин Ресей қорғаныс министрлігін құттықтады