Тоқаев Украинадағы ахуалдың ушығуына байланысты шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды

Sputnik
АСТАНА, 22 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Украинадағы ахуалдың ушығуына байланысты еліміздегі тиісті құрылымдарға шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды. Бұл туралы ҚР президентінің кеңесшісі – президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрге, президент әкімшілігінің басшысына және күштік құрылымдардың жетекшілері мен барлық әкімдерге Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты негізгі әскери және азаматтық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды", — деп жазды Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасына.

Дерекке қарағанда, парламент палаталарының төрағалары да қабылданып жатқан іс-қимыл туралы хабардар етілді.
"Президент еліміздегі жағдайды өз бақылауында ұстап отыр.Біздің еліміз үшін басты стратегиялық мақсат — тұрақтылықты, тыныштықты, заң мен тәртіп үстемдігін сақтау.Қазақстан славян екі халық арасындағы қақтығысты келіссөз арқылы тоқтату қажет екенін бірнеше рет мәлімдеген болатын", — деп олықтырған президенттің Баспасөз хатшысы.
Путин Ресей Украинадағы әскери нысанға гипердыбыстық зымыранмен соққы жасағанын айтты