АСТАНА, 22 қараша – Sputnik. Бүгін "Қашар кені" АҚ аумағында қайғылы жағдай болды. Жүргізуші жұмысшыны техникамен басып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазіргі кезде осы оқиға бойынша тергеу шаралары басталды.
"Жол-көлiк оқиғасы салдарынан вахталық машинаның жүргізушісі маневр жасау кезінде вахталық автомобильдің басқа жүргізушісін қағып кетті. Жарақат алған қызметкер көз жұмды", - делінген кәсіпорын хабарламасында.
Компания ұжымы мен басшылығы марқұмның отбасына көңіл айтып, қолдан келетін көмектің бәрін көрсететінін мәлімдеді.
Айта кетері, "Қашар кені" АҚ кәсіпорныERG тобына кіреді.