АСТАНА, 21 қараша – Sputnik. Ресейлік ВТБ банк жеке тұлғалар үшін Қазақстанға карта нөмірі арқылы жедел аударымдарды іске қосты.
Бұл жағдайда автоматты конвертация жүзеге асырылып, ақша теңгемен есепке алынады.
"Трансферттік комиссия 0,5% (кемінде 50 рубль), аударым сомасының диапазоны бір транзакция үшін 100 рубльден 200 мың рубльге дейін", - деп хабарлады банк.
Баспасөз хабарламасында 2024 жылдың 9 айында ВТБ клиенттері достас елдерге 1,3 миллионнан астам трансшекаралық аударымдар жасағаны, бұл 2023 жылмен салыстырғанда жеті есе жоғары екені аталып өтті.