"Шайн мускат" жүзімі тексеруден өтті: министрлік сараптама қорытындысын жариялады

Sputnik
АСТАНА, 21 қараша – Sputnik. "Шайн мускат" жүзімінде ағзаға зиянды зиянкес табылған жоқ, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.
Министрліктің республикалық өсімдіктер карантині орталығының қызметкерлері карантиндік фитосанитариялық бақылау кезінде жүзім үлгілеріне зертханалық сараптама жүргізді. Карантиндік фитосанитарлық қорытындыға сәйкес жүзім құрамынан карантиндік зиянкестер табылған жоқ.
Сондай-ақ, денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің "Ұлттық сараптама орталығы" РМК-ның Қытай Халық Республикасымен шекарадағы филиалы да "Shine Muscat" нитратының құрамы бойынша зерттеу жүргізді.
Зерттеу қорытындысы бойынша өнімдегі нитрат мөлшері 13,7 мг/кг құрады, бұл осы өнім үшін рұқсат етілген көрсеткіш.
Трендке айналған жүзімді денсаулық сақтау министрлігі зертханаға тексеруге жіберді