АСТАНА, 21 қараша – Sputnik. Энергетика министрлігі жарты жылда бір рет ішкі нарықта сұйытылған мұнай газының көтерме сату бағасын қайта қарайды.
Энергетика министрлігі сұйытылған мұнай газының көтерме бағасын бұрынғы деңгейде – тоннасына 45 158 теңгеде ұстау туралы шешім қабылдады.
Бұл туралы НҚА жобасын жарияланды.
Бұйрық жобасына сәйкес шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
2024 жылғы 26 маусымда энергетика министрінің бұйрығымен сұйытылған мұнай газын өндіретін зауыттар үшін шекті көтерме бағалар 2024 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіле отырып, тоннасына 45 158 теңге деңгейінде бекітілді. Бұйрық 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін жарамды.
Осыған байланысты Энергетика министрлігі 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап шекті көтерме бағаларды бұрыңғы деңгейде бұйрықпен қайта бекітуді жоспарлап отыр.