Ресейдің мемлекеттік тарих мұражайы көрмеде 500-ден астам экспонат ұсынады

Sputnik
АСТАНА, 21 қараша – Sputnik. Ресейдің мемлекеттік тарих мұражайы 2025 жылы сәуірде Жеңістің 80 жылдығына арналған "Өмір үшін. Ұлы Отан соғысы: құжаттар мен жәдігерлер" көрмесіне 500-ден астам экспонат ұсынады, деп хабарлады музейдің бас директоры Алексей Левыкин. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
"Ресейдің Ұлы Отан соғысы туралы жобасында 500-ден астам экспонат ұсынылады. "Өмір үшін. Ұлы Отан соғысы: құжаттар мен жәдігерлер" жобасы сәуір айында Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында ашылады", - деді Левыкин.
Көрмеге Мемлекеттік мұрағат, Мемлекеттік тарих мұражайы және Ресей қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағат қорындағы тарихи құжаттар қойылады. Сол жәдіерлердің арқасында музейге келушілер КСРО әскери және мемлекеттік органдарының 1941-1945 жылдардағы маңызды шешімдерімен танысады", - деп хабарлады музей өкілі.
Жалпы, Ресейдің мемлекеттік тарих мұражайы Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 80 жылдығына орайластырылған көлемді шараларды ұйымдастыруды көздеп отыр.