Путин Ресей Украинадағы әскери нысанға гипердыбыстық зымыранмен соққы жасағанын айтты

Ресей қақтығысты күшейткендерге батыл әрі айқын жауап береді, деді Владимир Путин
Sputnik
АСТАНА, 21 қараша – Sputnik. Ресей басшысы Владимир Путин халыққа және халықаралық қауымдастыққа үндеуінде Батыстың зымырандық шабуылына Ресейдің қалай жауап бергені туралы айтты.
Америкалық және британиялық алыс қашықтықтағы қарудың қолданылуына жауап ретінде 21 қарашада Ресей Қарулы күштері Украинаның әскери-өнеркәсіп кешені нысандарының біріне құрама соққы берді, деп мәлімдеді Путин.
"Әскери жағдайда ең жаңа ресейлік орта қашықтықтағы зымыран жүйелерінің бірі – ядролық емес гипердыбыстық баллистикалық зымыран сынақтан өтті. Біздің ғалымдар оны "Орешник" деп атады", - деп атап өтті Ресей президенті.
Біз "Орешник" зымыран жүйесін НАТО елдерінің Ресейге қарсы агрессивті әрекетіне жауап ретінде сынақтан өткізіп жатырмыз, деп толықтырды ол.
Ресей басшысы 19 қарашада АҚШ-та жасалған алты ATACMS Брянск облысындағы нысандарға шабуыл жасағанын еске салды. Шабуыл тойтарылған, ешкім зардап шеккен жоқ.
21 қарашада британиялық алты зымыран Курск облысындағы әскери нысандарға соққы берді. Өкінішке қарай, қаза тапқандар бар, деп атап өтті Путин.
Ол жаһандық қауіпсіздік жүйесінің күйреуіне жауапкершілікті Америка Құрама Штаттары мен оның серіктеріне жүктеп, Ресей орташа қашықтыққа ұшатын зымырандарды жасамау туралы міндеттеме алып, оны Еуропада америкалық қару-жарақтың баламасы пайда болғанға дейін орындап келгенін атап өтті.
"АҚШ 2019 жылы орта және қысқа қашықтықтағы зымырандарды жою туралы келісімді сылтау тауып бұзып, қателесті", - деді Путин.
Сондықтан Ресей өзінің қаруын Ресейге қарсы қолдануға рұқсат берген елдерге қару қолдануға құқылы деп санайды, деді ол.
Ал соңғы зымырандық кешендерді одан әрі сынау нысандары Ресей Федерациясына төнген қауіп-қатерлерге байланысты анықталады.
Мәскеу Украинадағы бейбіт тұрғындар мен басқа дос мемлекеттердің азаматтарына ықтимал соққы жасау аумағынан шығуды алдын ала ұсынады.
"Ресей даулы мәселелерді бейбіт жолмен шешуді жөн көреді, бірақ кез келген жағдайға дайын", - деп атап өтті Путин.